14 Сәу 2021
Материал

Бейнекөрме

Жұмысшы мамандықтар жылына байланысты колледжіміздің 3 курс 79 топ студенттері өздерінің “Дәнекерлеу ісі” мамандығы туралы 1 курс студенттеріне түсіндіру жүргізді. Олар болашақ мамандығын таңдап келген 1 курс студенттеріне “Дәнекерлеу ісі” маманының білікті де, мықты маманы болуға шақырды. Және де өндірістік практикада жақсы дәриже көрсетііп, жұмысқа шақыртуларын алғанын айтты. Құттықтаймыз!!! Мықты, білікті болашақ жас мамандарымызға сәттілік!!!


Менің еңбек жолымның болашағы
Жұмысшы мамандықтар жылына орай 3 курс студенттері өз мамандықтарын жоғары деңгейде насихаттап, кәсіби шеберліктерін көрсетті!
Сіздердің еңбектеріңіз – еліміздің жарқын болашағының кепілі!


Арнайы пән оқытушысы Шыкибаева Мейрамгүлдің ұйымдастырумен "Мұнай және газ саласын оңтайландырудағы цифрлық трансформация" атты кейстік зерттеуі өтті. Жаңа цифрландыруды пайдалана отырып Сабыр Ғибадат пен Асқарұлы Тамерлан арнайы дайындаған жобаларын қорғады.


#жылыойколледжі
#мұнайгазсаласы



 


Әлеуметтік серіктестік – сапалы білім мен табысты болашақтың кепілі!

С. Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі ұжымы “ЖОЛАРНА” ЖШС-не барып, мекеменің қызметімен танысып қайтты. Іс-шара барысында мекеме басшысы Асхад Абдулахатовичке Атырау облысы білім беру басқармасының алғыс хаты табыс етілді.

Бұл іс-шара колледж бен жұмыс беруші арасындағы тығыз серіктестікті нығайту, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттерге қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, “ЖОЛАРНА” ЖШС жыл сайын 10 студентке 12 ай бойы ай сайын 40 мың теңге көлемінде көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар, колледждің шеберханасын жабдықтау үшін Электрмонтаждық жұмыстар мамандығына 3 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.

Осындай ынтымақтастық шаралары білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің арасындағы байланыстарды нығайтып, студенттердің сапалы білім алуына және болашақта табысты маман болуына ықпал етеді.
#жылыойколледж
#жылыойжастары
#ЖШС”ЖОЛАРНА”
#әлеуметтiксерiктестiк
#жұмысберушi


https://www.instagram.com/reel/DDG83UYoj63/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==






Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжіне Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдерге нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттерге жол бермеу мақсатында «Есірткіге жол жоқ » тақырыбында бірлескен шара өткізді. Шарада есірткі қабылдаудың зиянын, тасымалдаудың қылмыс екенін түсіндіріп жастарға жеңіл ақша табам деп өздеріне ауыр тағдыртаңдайтынын баса айтып жазаның қатаң болатынында ескертті. Шараға қатысқан студенттер өз постерлерін қорғап белсенділік танытты. Студенттерге сыйлықтар мен Алғыс хат табысталды. Шараның алғашқы бөлімінде ролик дайындаған 4 студент өз роликтерін әлеуметтік желіге жариялап ең көп қаралым мен қолдау жинаған балаға спорттық үлгідегі велосипед табысталды. Үздік ролик 2 курс 83-топ студенті Болатов Халықтың ролигі боп анықталды. Қалған 3 студенткеде сыйлықтары бар. Әсерлі кездесу өткізе отырып, Мамандар студенттерге есіткінің зиян екенін түсіндірді.

#нашақорлыққажолжоқ2024
#біртұтас_тәрбие_атырау_2024
#сыбайласжемқорлық_атырау_2024
#нашақорлық_атырау_2024



 


Жылыоймұнайгаз МГӨБ-ның бас инженері және С. Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің индустриалды кеңес төрағасы Қондыбаев Ерлан Жаңабайұлының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы үлесі үшін Атырау облысы білім беру басқармасының алғыс хатымен және де кәсіптік саланың дамуына қосқан үшін төс белгілмен марапатталды. Бұл марапатты колледж директоры табыстады. Колледж басшысы және ұжымы, Ерлан Жаңабайұлының еңбегіне деген құрметі мен алғысын білдірді.

Құттықтаймыз!
#жылыойколледж
#жылыойжастары
#embamunaygaz
#жылыоймұнайгаз
#мұнайгазсаласы
#мұнайоператоры

 


Адамгершілік құндылықтарды насихаттау, қоғамға үлгі боларлық жақсы адамдардың өмір жолын, өнегелі істерін таныстыру, жастарға рухани тәрбие беру, мейірімділік, ізгілік, қамқорлық сияқты қасиеттерді дәріптеу мақсатында колледж психологі Б.Атчибаеваның ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кеш өтті.
Кештің негізгі мақсаты – жақсы адамдардың өмірдегі орны мен рөлін ашып көрсету, олардың жасаған игі істерінен үлгі алу, адамдар арасындағы сыйластық, құрмет пен бауырмалдықты арттыру болды. «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кештің құрметті қонақтары – колледж медбикесі Т.Тапанова және бас есепші Н.Өтегенова.
"Әрқайсымыздың өмірімізде жанымызды жылытып, өмірімізді нұрландыратын жақын, мейірімді адамдар бар. Осындай жандарға алғыс айту – біздің парызымыз!" деген қағиданы ұстана отырып, колледж әкімшілігі атынан оларға мадақтама қағаздары табысталып, жеке кәсіпкердің демеушілігімен жаңа жылдық сыйлықтар тарту етілді.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

#жылыойколледж
#біртұтастәрбие
#жаныңдажүржақсыадам

https://www.instagram.com/reel/DEma7fIiw20/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


Сафи Өтебаев атындағы жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде 1ші қазан Қарттар күні мерекесіне орай “Қарттарым -асыл қазынам” атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға колледждің ардагер оқытушыларымен, студенттердің ата-әжелері қатысты. Шара барысында мерекелік әндер айтылып, қарияларға арналған құттықтаулар айтылды. Сонымен қатар мағыналы бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик желісінде қария әжеміз сөз сөйлеп, студенттерге өзінің өнегелі әңгімесін айтты.

Сонымен қатар колледж әкімшілігі қарттарды мерекелерімен құттықтап, өз тілектерін білдірді. Қарттар ризашылығын білдіріп,алғыстарын айтты.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Әрбір күніңіз жақсылық пен қуанышқа толы болып, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер. Денсаулық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыстар тілейміз!


С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі кітапханасында Сәкен Сейфуллинің 130 жылдығына орай «Ұлылардың ізімен» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

Шара жүргізушілері 88 топ “Тамақтандыруды ұйымдастыру”мамандығының студенттері 1 курс 92 топ студенттеріне Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны, шығармаларымен, саяси репрессия уақытындағы барлық мағлұматпен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп белсене қатысты.


Қазақстан президенті 2024 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялады. Бұл шешім Қазақстан экономикасының негізгі тірегі саналатын еңбекқор жұмысшыларға арналып, олардың мәртебесін көтеруге, дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Президент өз жолдауында еліміздің өнеркәсіптік дамуы мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстан президенті 2024 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялады. Бұл шешім Қазақстан экономикасының негізгі тірегі саналатын еңбекқор жұмысшыларға арналып, олардың мәртебесін көтеруге, дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Президент өз жолдауында еліміздің өнеркәсіптік дамуы мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Жұмысшы мамандықтарына деген қажеттілік артқан заманда, мемлекет осы бағытта арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруға ниеттенуде.

24 арна президенттің жолдауына байланысты түсірілім ұйымдастырып, жұмысшы мамандықтарының маңызын және олардың қоғамдағы рөлін кеңінен насихаттады. Бағдарламада жұмысшылардың еңбек жолдары, жетістіктері және олардың елімізді дамытудағы үлестері көрсетілді. Түсірілім көрермендерге жұмысшы мамандықтарының жоғары бағаланып, жаңа буын үшін зор мүмкіндіктер ашылатынын жеткізуге бағытталды.

Бұл жыл жұмысшы мамандықтарын қолдаудың нақты қадамдарын жасауға, кәсіби дайындық жүйесін жаңғыртуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға серпін береді деп күтілуде.


«Адал азамат — Адал еңбек — Адал табыс» қағидатына толық сай келетін біздің жұмысшы мамандығында білім алып жатырған студенттер өндірістік практикада. Жұмыстың жаманы жоқ, кез-келген еңбек қадірлі. Біздің студенттеріміз ең бастысы жауапкершілікті сезініп, өз міндеттерін сапалы атқаруда. #3 курс 79 топ


 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.