Қамқоршылық кеңес отырысы
2017-2018 оқу жылынан бастап ҚР БҒМ 2017 жылғы 27-шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің Үлгілі қағидаларын бекіту туралы ҚР нормативтік актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017жылы 29-тамызда №15584 тіркелу бойынша қайта жасалып, колледждің Қамқоршылық кеңесінің Жарғысы Әділет басқармасында бектіліді. Қамқоршылық кеңесті сайлау және құрамы бойынша 10 адам сайланды. Оның ішінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестер, ата-аналар комитеті ұсынған ата-аналар.
Колелдждің қамқоршылық кеңес мүшелері студенттердің құқықтарының сақталуына, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелері жөнінде шараларды жетілдіруге, ұсыныстар беруге, колледжде өткізілген конференцияларға, ашық есік күндеріне, мерекелік іс-шараларға, семинарларға белсенді түрде қатысады. Қамқоршылық кеңес мүшелері ата-аналар жиналысына қатысып, бала тәрбиесі, студенттердің колледждің ішкі тәртібін сақтауы туралы мәселелер бойынша өз ұсыныстарын ұсынады. Қабылдау емтихандарына бақылаушы ретінде емтихандарға қатысты.Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттарына сәйкес колледжде оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал етеді, оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыруда білім алушылар мен педагогикалық ұжымы үшін жағдайлар жасалады.
Колледжге қаржылық қолдауды материалдық-техникалық базасын нығайтуға, яғни ағымдағы жөндеуге көмектесуді, мерекелік мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесуді қамтамасыз етеді, колледждің тыныс-тіршілігіне, тәрбиелік даму динамикасына ықпал етеді.Қамқоршылық кеңес қызметінің міндеттеріне сәйкес қамқоршылық кеңес мүшелері ата-аналар комитетімен бірлесе отырып колледждің әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге қажетті жағдайда қатысады.
https://zhtk.edu.kz/biz-turaly2/kamorshylyk-kenesi.html#sigFreeId9859af0b23