Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айшығы
Бүгін Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған “Елдік пен егемендіктің символы – рәміздер” атты салтанатты шара өтті.
Бұл — халқымыздың тарихы мен тағдырын, бірлігі мен болашағын айшықтайтын ерекше күн. Мемлекеттік Туымыз көкке көтеріліп, Әнұранымыз шырқалған сәтте әрбір қазақстандықтың жүрегінде елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімі лаулады.
Шараға дербес бөлімдер мен арнайы мекемелердің қызметкерлері мен қатар Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі студенттері белсене қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдірді.
Мемлекеттік рәміздер – біздің тәуелсіздігіміздің тұмары, болашақ ұрпаққа аманат етер асыл мұрамыз.