29 Нау 2021
Материал

Білім беру ұйымы

Білім беру ұйымына жалпы сипаттама

- 1963 жылы Құлсары қаласында МТС орнынан Жылыой №84механикалық ауыл шаруашылығы училищесі болып ашылды.

- 1965 жылы №84 ауыл шаруашылығы кәсіптік техникалық училище

- 1981 жылдан №84 орта ауыл шаруашылығы кәсіптік-техникалық училище

- 1984 жылы №9 орта кәсіптік-техникалық училищесі деген атау берілді;

- 1986 жылы №6 кәсіптік техникалық мектеп деп аталып,

- 2003 жылы №6 кәсіптік мектеп деп қайта өзгертілді.

- 2008 жылдан бастап №9 кәсіптік лицей болып атауы өзгертілді.

- 2012 жылдың 4 маусымынан бастап, Облыстық білім беру басқармасының №170 қаулысы бойынша Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі

- 2013 жылдан бастап «Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны деп аталды.

Колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы №14000493 лицензиясына негізделеді. Колледжі 1963 жылдан бастап № 84 ауыл шаруашылығы  училищесі болып ашылған, содан бері 60 жылға жуық уақыт өтсе де заманға сай мамандар дайындаумен айналысып келеді. Бүгінгі таңда колледж  соңғы  үлгідегі жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталып, сапалы білім алуға жағдай жасалған. 2007 жылы ТШО мекемесінің «Игілік» бағдарламасы негізінде 420 орындық жаңа оқу ғимараты іске қосылып пайдалануға берілді. Әр жыл сайын материалдық-техникалық базасы ұдайы кеңіп, жетілдіріліп отырады. 2009 жылы Қазақстан мұнайының 110 жылдық  мерекесіне орай «ҚазМұнайГаз»  мекемесінің қолдауымен оқу ғимараты алдына Қазақ мұнайының абызы – Сафи Өтебаевтың ескерткіші қойылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3сәуірдегі №152 «Атырау облысысының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау туралы» қаулысына сәйкес Атырау облысы әкімі 2018 жылғы

11 желтоқсан №310 қаулысымен бекітіп, Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжіне қазақ мұнайының абызы мұнай өнеркәсібінің ұйымдастырушыларының бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері КСРО құрметті мұнайшысы, Ақтау, Атырау қалалары мен Жылыой ауданының құрметті азаматы -  Сафи Өтебаев атауы берілді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.