29 Нау 2021
Материал

Колледж миссиясы

Миссиясы:

Колледжде жүзеге асырылатын іс-қызметтер үрдістерді басқаруға жүйелілік тұрғыдан қарау арқылы озық технология мен инновацияны меңгерген,еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандарды дайындау.

Мақсаты: 

Бәсекеге қабілетті, білікті, кәсіптік сапасы мен құзыреттілігі еңбек нарығының бүгінгі күнгі талаптарына сай мамандарды даярлау. Колледжде студенттермен жүргізілетін барлық оқу, тәжірибе, ғылыми және тәрбие жұмысын - өмірге қажетті мүдделерін есепке ала отырып, түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алуына бағытталған

Міндеттері:

- Қазақстан Республикасы, соның ішінде Атырау облысы Жылыой ауданы үшін кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау;

- Орта кәсіптік білім бере отырып, жеке тұлғаның интеллектуалдық, мәдени және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету;

- Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтары, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде кәсіби қалыптасуын бағыттай отырып, сапалы білім алуына жағдай жасау;

- Теориялық оқу мен өндірісте оқу және еңбек нарығы сұранысы байланысын қамтамасыз ететін білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ әр студенттің қоғамдағы жеке басты мүмкіндігін барынша пайдалануға жағдай жасау;

- Оқытудың қазіргі заманғы жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;

- Білім алушыларға кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету;

- Мамандарды кәсіби дайындауда ұйымдармен әлеуметтік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.