30 Нау 2021
Жаңалықтар

1-наурыз Алғыс айту күні

1-наурыз Алғыс айту күніне орай,"Жылыой ауданы Жастар ресурстық орталығы","Жас Отан" Жастар қанатының ұйымдастыруымен, Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде "Болашақ бүгіннен басталады"атты мерекелік кеш өтті.Кеш барысы жастардың концерттік бағдарламасы мен арнайы шақырылған кеш қонақтарына марапаттау табысталды.

Аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын дамытуға атқарған қызметі мен азаматтық белсенділігі үшін колледжіміздің басшысы Ибраев М.О және арнайы пән оқытушысы Дощанова Жаннаға алғыс білдере отырып, зор денсаулық, отбасыларына құт-береке, алға қойған бастамаларына толағай табыс, абырой мен бедел биіктерінен көріне берулеріне шын жүректен тілектестік білдірді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.