30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» атты мерекелік шара

22 наурыз мерекесіне орай, колледжіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қосымбаева Торғын Орынбасарқызы мен колледжі студенттерінің ұйымдастыруымен колледжі Акт залында (20 наурыз) және Вокзал ықшам ауданы тұрғындарына(22 наурыз күні Темір жол Вокзалы маңында) Халықтың салт – дәстүрлерін насихаттау мақсатында «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» атты мерекелік шара өткізілді.

Шара мақсаты: Студенттерді ата-бабамыздың ұрпақтан ұрпаққа жеткен мұрасымен таныстырып, студенттерді халықтық салт-дәстүрден нәр алып өсуіне инабаттылыққа, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу. Халықтық салт-дәстүрімізді, ұлттық мұрамызды дамыту.

Шараға колледжі ардагерлері қонаққа шақырылып, әр топтың студенттеріне берілген тапсырмаларды:

  1. «Сүйінші,ат қою және бесікке салу рәсімі»35-37 топ;
  2. «Тұсаукесер рәсімі» 31 топ;
  3. «Сүндет той және бата беру рәсімі» 29-36 топ;
  4. «Айдаршаш алу және тіл ашар рәсімі» 38-39 топ;
  5. «Қыз бен жігіт айтысы» 40-41 топ;
  6. «Құда түсу, сырға салу және қыз ұзату (сыңсу) рәсімі» 26-27 топ;
  7. «Беташар, жар-жар тойы» 28-30 топ т.б салт-дәстүрлерін нақышына келтіріп сомдағандығын тамашалап, колледжі қонақтары мен колледжі ұжымына Асханада арнайы жайылған наурыздық дастарханнан дәм татып, концерттік бағдарлама жалғасын тапты.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.