30 Нау 2021
Жаңалықтар

Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде Қамқоршылық кеңес отырысы өтті

2018 жылы 27 қыркүйек күні Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде Қамқоршылық кеңес отырысы Атырау облысы, Білім саласының бақылау департаментінің бас маманы Хисин Наурызбек Нұрназарұлының қатысуымен жоспарға сай өткізілді.

Директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжегалиева Римма Қайраққалиқызы кеңес мүшелеріне күн тәртібіндегі мәселелерді, Қамқоршылық кеңесінің жоспарын таныстырып, «Теңізшевройл» компаниясының сұранысы бойынша: 2 мамандыққа лизенция алғандығы жөнінде айта кетті. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйырығын орындау үшін жетім балаларға арналған ұйымдардың Қамқоршылық кеңестердің үшінші отырысын жүргізді. Қамқоршылық кеңес отырысына «Атырау Сауда» ЖШС директоры Балжігітов Әлімжан Қапанұлы, «Металпродукт» ЖШС бас маманы Құлтаев Ерғали Аманбайұлы, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ техникалық директоры Қондыбаев Ерлан Жаңабайұлы, «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС Кусманбетова Кульнар Адрашқызы, Досмурза» ЖШС Мусабекова Динара, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жылыой ауданы бойынша филиалының директоры Төлендиев Ерболат Амангелдіұлы, ата-ана комитеті Кузенова Рысбике Елеубайқызы қатысып күн тәртібіндегі мәселелер талқылап, ұсыныс тілектерін білдірді. Алдағы уақытта нәтижелі де, тиімді жұмыстар атқарылып күшейтіледі.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.