30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы жаңартылған білімнің өзекті мәселесі»

2019 жылы 22 мамырда С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжіне 55 жыл толуына және Сафи Өтебаев атын беруіне орай облыс көлемінде «Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы жаңартылған білімнің өзекті мәселесі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференция мақсаты: Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелеріндегі жаңашылдық пен тәжірибені тарату және нәтижеге бағытталған өзгерістерді дамыту. Конференция міндеттері: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы жаңару бағытына барлық санаттағы инженер-педагог қызметкерлердің қатысуына мүмкіндік беру және педагогикалық озық тәжірибені енгізу негізінде ғылыми-тәжірибелік жұмыстарын жинақтау. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Атырау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысының әкімдігі, Мақат ауданы әкімдігі, Атырау облысы Білім беру басқармасы,Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты әдістемелік орталығы, Атырау мұнай және газ университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, университтет профессорлары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ, Атырау филиалы, Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы Жылыой ауданы әкімдігі, Құлсары қаласы әкімдігі, Жылыой ауданы кәсіпкерлер палатасы, әлеуметтік серіктестік мекемелер,Жылыой ауданы білім бөлімі, Жылыой ауданы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі, ардагер оқытушылар, телеарна, бұқаралық ақпарат мамандары , С.Өтебаевтың ағайындары, балалары, т.б. мекеме өкілдері шақырылды. Салтанатты жиын Сафи Өтебаев атын беру жөнінде ашылу рәсімімен басталды. Келген қонақтар колледжі шеберханасымен танысты.Колледжде рухани жаңғыру аясында, колледж тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында мұражайдың ашылу салтанатының куәсі болды. Осы уақыт ішінде облыстық көлемде ғылыми-тәжірибелік конференцияның секциялық бөлімдеріне қатысуға ұсыныс берген оқытушылар өз баяндамаларын оқып қорғады .Барлық конференцияға қатысушылар және қонақтар пленарлық жұмысқа қатысып, Сафи Өтебаев атындағы «МҰНАЙАТА» Қоғамдық қорының бас директоры, С.Өтебаев атамыздың ұлы Утебаев Максут Сафиұлы , Экономика және әлеуметтік – гуманитарлық зерттеулер орталығынң директоры, экономика ғылымдарының докторы Карамурзиев Текей Карамурзиевич.Техникалық ғылымдарының доктор, профессор ҚР еңбек сіңірген ғылым қызметкері, Инженерлік бейімдегі мұнайхимия зертханасының бас ғылыми қызметкері Ғилажов Есенғали Ғилажұлы. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі Ғалымжанова Маржан Әнесқызы баяндамаларын оқыды. Секциялық және пленарлық жұмысқа қатысқан барлық баяндамашылар Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының сертификатымен марапатталды, баяндамалары кітапқа енетін болды. Түскі үзілістен кейін аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өз жалғасын тапты.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.