30 Нау 2021
Жаңалықтар

Қамқоршылық кеңес отырысы

«С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі» КМҚК

Қамқоршылық кеңес отырысы 2018 жылы 21маусым күні өткізілді. Қамқоршылық кеңес төрағасы Төлендиев Ерболат Амангелдіұлы күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, колледжде 7 мамандық бойынша 476 студент білім алып жатырғанын, бітіруші түлектер саны 169 екенін айтып, қамқоршылар кеңес жұмысын жүргізді.

Қамқоршылар кеңес отырысың төрағасы Ерболат Амангелдіұлы ТШО компаниясына мердігерлік мекемелерге колледж студенттері көп мекемелер танымауы мүмкін колледж туралы үгіт насихат жүргізіп, мекемелермен таныстыру ретінде таным саяхатын ұйымдастырсаңыздар деген ұсыныс бiлдiрді.

Даларо ЖШС директордың орынбасары Ерлан Шитдавлетұлы 2019-2020 оқу жылынан бастап 2 жақты келісім шартқа отыруға келісім беріп, алдағы уақытта 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандықтары бойынша студенттерге техника қауіпсіздігінен мастер класс өткізуге өз ұсыныстарын білдірді.

Қамқоршылық кеңес отырысы мен қатар «Түлек -2019» жәрмеңкесі өткізiлдi. Іс-шараның негізгі мақсаты - колледж түлектерін жұмысқа орналастыру. Дәстүрлі шарамыз салтанатты түрде ашылып, колледжі директорының оқу ici жөніндегі орынбасары Сарбалиева Маруся Шамшақызы сапалы маман дайындау мақсатында атқарып жатқан жұмысы мен алдағы жоспар туралы қысқаша баяндап, бітіруші түлектерге мамандық бойынша жұмысқа орналасып кетулеріне тілек білдірді. «Теңізшевройл» ЖШС мекемесінің Техқызмет көрсету бөлімі қызметкерлерін оқыту тобының басшысы Ильясов Мұхтар Қуанғалиұлы,Султангалиев Болат Кенесұлы, Жанасов Мұрат Нурназарұлы, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ инженері Қосымбаев Қалдыбек Жанекешұлы, «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС өндірістік қатынастар жөніндегі қызметінің бастығы Орынғалиев Гафур Қасымғалиұлы, «КазТрансОйл» АҚ Құлсары Мұнай құбырлары басқармасының кадр бөлімінен Умирова Эльмира Куандыковна, «МеталлПродукт» ЖШС техника қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Айтқулов Габидолла Сабирұлы, «ӨмірзақСервис» ЖШС - Бисембаева Ахлима Сулейменқызы, «КазТест» ЖШС – Оразбаева Алтынгүл Ғаниқызы, «Құлсарыгаз» ЖШС кадр бөлімінен Айтбаева Райхан Танатаровна, «Жылыойгаз» ЖШС кадр бөлімінен Комшанова Самал Ермекқызы. «Казкомсервис» ЖШС кадр бөлімінен Жайнагүл Жәнәбілқызы, «Промэкология» ЖШС кадр бөлімінен Милатова Айдана, "Мұнайгазқұрылыс " ЖШС әкімшілік жұмыстарға жауапты маман Канбетов Мағзум Махсотұлы және колледжi бітіруші түлектері қатысып, түйiндемелерiн таратты. Соңынан кәсіпорын мамандары колледждің шеберханасын аралап көрді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.