30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Алғашқы қоңырау»

Еліміздің барлық оқу орындарында бүгін ерекше салтанатты мереке. Себебі таңмен таласа сағынышпен білім ордасына асыққан студентттер колледжі ауласына жиналды.

1 қыркүйек күні Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде Білім күніне орай «Алғашқы қоңырау» атты салтанаты жиын өтті. Жиында алғаш сөз алған колледжі директоры Ибраев Марат Оразұлы ұстаздарды, студенттерді Білім күнімен құттықтап, алғаш колледжі табалдырығын аттағалы отырған Ікурс студенттеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ Осы жылғы дәстүрлі тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған Сарбалиева Маруся Шамшақызын және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған Оспанова Шолпан Құттыбайқызын сонымен қатар Атырау обылысы Білім беру басқармасының құрмет грамотасымен марапатталған Қосымбаева Торғын Орынбасарқызын, Атырау обылысы Білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталған Шықибаева Мейрамгүл Бердібайқыздарына марапаттарын табыстап еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі. Шара барысында колледжі студенттерінің ата-аналары құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Мереке барысында өнерпаз өрендер әннен шашу шашты.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.