30 Нау 2021
Жаңалықтар

"Адалдық-адамгершілік негізі"

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жоспарына сай жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру студенттерді адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті бойына сіңіру мақсатында С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде адалдық сағаты өткізілді.

Адаладық сағатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қосымбаева Торғын Орынбасарқызы ашып студенттерді адалдыққа, адамгершілікке шақырды. Адалдық сағатына аудан әкімі жанынан ашылған қоғамдық келісім төрағасы, Жылыой ауданының құрметті азаматы, ардегер Ақназаров Нұрдәулет студенттермен кездесіп адалдық, парасаттылық негізінде сөз етті. Сондай-ақ 1,2 курс студенттеріне топ кураторлары өз топтарында "Адалдық-адамгершілік негізі" атты біріңғай топ сағаты өткізілді. Топ сағатына жастар ерекше белсенділікпен қатысты.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.