30 Нау 2021
Жаңалықтар

" Адами қарым-қатынас ізгіліктері "

23қазан күні С.Өтебаев атындағы ЖМжГТ колледжінде "Адами қарым-қатынас ізгіліктері " атты тақырыпта жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.

Жиналысты колледжі психологі Б. Атчибаева ата-аналарға арналған жаттығу тренингпен ашса директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Сарбалиева студенттердің білім сапасына тоқталды . Білім алушылардың әлеуметтік жағдайына және ішкі тәртіп ережесіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Қосымбаева тоқталып ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Студенттердің өндірістік іс тәжірибесі туралы директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Кенжегалиева ата-ана көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Жиналыс барысында осы коледждің түлегі қазіргі ата-ана Әбдіхалық Талап сөз алып өзінің осы колледжден бітіріп сол дипломмен бүгінгі таңда қызмет етіп жатқанын айтып, колледжі ұжымына алғысын білдіріп, осы колледжде бүгінгі таңда інісінің оқып жатқанын мақтанышпен айтты. Сондай-ақ жиналыста сөз алған Жасөспірімдер инспекторы Ж.Жолдасқалиқызы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілген іс-шаралар туралы айтып, жастардың тәрбиесіне назар аударуды баса айтып кетті.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.