30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Адамгершіліктің-атын адамгершілік қасиет шығарады»

25-қазан күні Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жас ұрпақты жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа дайындау мақсатында парасаттылық мектебінің салтанатты ашылуы болып өтті.

Аудан көлемінде ұйымдастырылған аталмыш іс-шараға Жылыой аудандық Жастар ресурстық орталығы басшысы С.Серікбаев, Жылыой ауданы орталық мешітінің бас имамы А.Исаев, ЖАПБ-н ЖПҚБ-ның ЮПТ-нин УПТ-ры полиция лейтенанты Ж.Жолдасқалиқызы қатысып . «Саналы ұрпақ » жобасының негізінде жастарды Адалдыққа ,парасаттылыққа, ізгілікке баулу мақсатында ашылған «Парасаттылық мектебінің » жетекшісі колледжі психологі Б.Боранбайқызы шараны ашып студенттерге адамгершілік тұғысында сөз қозғап мектептің жылдық жоспарымен және мүшелерімен таныстырып өтті.Салтанатты шарада сөз сөйлеген А.Исаев аталмыш мектеп студенттерді парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамытудың жақсы бастамасы болып табылатынын атап өтті. «Адамзат баласына аса қажетті адамгершілік сияқты абзал қасиеттер өскелең ұрпақтың бойында ерте жастан қалыптаса бастайды. Сондықтан бұл мектептер біздің жастарымыздың бойында ізгі қасиеттердің қалыптасуына зор септігін тигізеді деп есептейміз. Мектепте өткізілетін сабақтар барысында балаларға ойын түрінде сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы айтылып, адал әрі әділ болуға үйретеді» – деп атап өтті С.Серікбаев.
Іс –шара аясында «Адамгершіліктің-атын адамгершілік қасиет шығарады» тақырыбында семинар тренинг өткізілді. Студенттер, адалдықтың не екенін, оны қалай тануға болатынын, адал адам қандай болатынын және басқа да адамгершілік қасиеттерге байланысты өз ойларын ортаға салды. Ж.Жолдасқалиқызы Әділдік студенттермен ой бөлісті. Студенттерге осындай форматтағы іс-шара өте ұнады. Колледжі шеңберінде ұрпақты адалдыққа тәрбиелейтін іс-шаралар жалғасатын болады.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.