30 Нау 2021
Жаңалықтар

«ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша мастер класс өткізді

С.Өтебаев атындағы Жылыой Мұнай және газ технологиялық колледжінді 2019 жылы 05 қараша күні директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжегалиева Римма Кайраққалиқызының ұйымдастыруымен «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша мастер класс өткізді.

 

Мастер класска «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша Әбдіжәми Динара, Оқыту бөлімі, Кулгазиев Акбатыр, Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімі, Насиханов Нурлан, Көлік бөлімі, Координатор, Искалиев Елемес, Көлік бөлімі, Механик келіп, І-ІІ-ІІІ курс студенттеріне алдымен көлікке техникалық қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айтып, содан соң қозғалтқышты құру және жөндеу жұмыстарын көрсетті. Студенттердің мамандығына деген қызығушылығы артып, көптеген сұрақтар қойылды. 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»мамандығы бойынша «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС -нен Әбдіжәми Динара- Оқыту бөлімі, Кулгазиев Акбатыр-Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімі, Шамилев Нуржан-Қоғамдық тамақтандыру бөлімі- Аспаз, Тюлепбердинова Айнагуль- Қоғамдық тамақтандыру бөлімі- Аспаз, Калиева Гүлзира-Аспаз мамандары келіп, Құс етінен тағамдардың, Ростбиф(соус грейви) дайындау тәсілдерін көрсетіп дайындап, тазалық гигенасы туралы айтып, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Мастер класска І-ІІ-ІІІ курс студенттері қатысып, әр түрлі сұрақтарын қойып, өте қызықты өтті. Қазіргі таңда әр түрлі тағам кесетін, салатын, пісіретін ыдыстар туралы қосымша айтылып, көптеген мағұлматтар алынды. Сондай –ақ 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша Күштік трансформатор, қауіпсіздік ережелері туралы мастер класс өтті. Мастер класты «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС өкілдері келіп, трансформатор туралы айтып, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіріп Боздаков Ермек -Аумақтық техникалық қызмет көрсету, Супервайзер келіп өтте жоғары деңгейде өткізді. ЮСС Супорт Сервисез компаниясынан келген өкілдерге алғысымызды білдіреміз. Жұмыстарына табыс, сәттілік тілейміз!!!

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.