30 Нау 2021
Жаңалықтар

«ТШО» компаниясынан бір топ өкілдер келіп студенттердің мамандығына деген кәсіби біліктілігін көтеруіне, практикалық жағынан үйретті

Сайтқа қош келдіңіз!

«ТШО» компаниясынан бір топ өкілдер келіп студенттердің мамандығына деген кәсіби біліктілігін көтеруіне, практикалық жағынан үйретті

С.Өтебаев атындағы Жылыой Мұнай және газ технологиялық колледжінде 2019 жылы 06 қараша күні директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжегалиева Римма Кайраққалиқызының ұйымдастыруымен «ТШО» компаниясынан бір топ өкілдер келіп студенттердің мамандығына деген кәсіби біліктілігін көтеруіне, практикалық жағынан үйретіп,

көзбен көру, өндірістік практика студенттердің оқу процесінде алған білімдерін бекіту мен тереңдетуге, оқытылатын мамандық бойынша практикалық іс-әрекетке қажетті дағдыларды қалыптастыруға, нақты кәсіпорынның жұмысын терең зерттеу негізінде білімді кеңейту, жүйелеу және бекіту мақсатында 1013000 «Механикалық өндеу, өлшеу-бақылау құралдары және өнеркәсіпте автоматика», 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандықтары бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нен Илясов Мухтар - Техникалық қызмет көрсету бойынша оқу бөлімінің бастығы, Стоцкий Александр Иванович- электриктерді оқыту бойынша маман, Дайров Төремурат – электр қауіпсіздігі бойынша маман, Шмелев Дмитрий – КипиА мамандығының бас маманы, Удалов Константин -КИПиА мамандығының бас мамандары келіп еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығы -өндірістік жайларда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында жұмыстарды орындау барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалардың нақтылайтын жұмыс берушінің актісі туралы айтып, қолданыстағы жабдықтардың, құрылғылармен құралдардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтауды үйретті. Өте жоғары деңгейде мастер класс өткізілді. «ТШО» компаниясынан келген өкілдерге алғысымызды білдіріп, жұмыстарына табыс, сәттілік тілейміз!!!

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.