30 Нау 2021
Жаңалықтар

"Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылығы сабақтары"

1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне арналған "Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылығы сабақтары" тақырыбындағы жалпы республикалық ашық сабағының жоспарына сәйкес С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде 29 қараша күні "Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы" тақырыбында топтар арасында ашық сабақтар өтті.

Сабақтың мақсаты Қазақстандық патриотизмді, ұлттық сананы қалыптастыру; Тәуелсіз мемлекет - ҚР қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысы рөлінің маңызын түсіндіру. Студенттердің бойында Қазақстанның мемлекеттілігіне және оның даму көрсеткішіне, Қазақстан көшбасшысының мемлекеттік құрылыстың теориясы мен практикасына қосқан үлесіне қоғамдық игілік ретіндегі көзқарасты қалыптастыру. Сабақ барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қоры ұсынған "Өзгерістер қуаты", "Қазақстан патриоты" деректі фильмдері көрсетілді. Тұңғыш Президенттің халықаралық бастамалары, Қазақстан егемендігінің қалыптасу кезеңдері, Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын шешу жолындағы қызметі тураллы толық мағлұматтар берілді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.