30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, адамға ниет еткені тиесілі», – деген тағылымды хадис бар

Сафи Өтебаев атындағы Жылыой Мұнай және газ технологиялық колледжі психологі Б.Б.Атчибаева ұйымдастыруымен аталған мекемеден дәріс алып жатырған баланың өмірге және өзіне деген сенімін арттыру, елімізде отбасылық құндылықтарды насихаттау, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік-рухани көмек көрсету, жетім балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында қайырымды жандардың демеушілігімен «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көрерсің» атты қайырымдылық акциясы өтіп, Кәсіпкерлер палатасының төрағасы, Колледжі қамқоршылар кеңесінің басшысы Е.А. Төлендиев мырза акцияға қолдау көрсетті . Сондай-ақ бұл акцияға ЖШС «Умирзак-Сервис» басшысы М.С. Умирзаков қолдау көрсетіп 10 студентке қысқы киім алып берді. ЖШС «Жас ұрпақ-құрылыс» басшысы А.Халелова 10 студентке қысқы киіммен көмектессе, ЖШС «АГРОПРОМТЕХНИКА» басшысы М.К.Садакбаев 5 студентке 20000 теңгеден жалпы сомасы 100000 теңге қаржылай қолдау көрсетсе, ЖК «Нұрланов» 5 студентке 10000 теңгеден жалпы сомасы 50000 теңге көмек берді. Барлығы 30 студентке жоғарыдағыдай көмек көрсетілді. Қолдау көрсеткен мекеме басшыларына алғысымыз шексіз.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.