31 Нау 2021
Жаңалықтар

Ұстаздар күнімен және кәсіптік - техникалық білім беру жүйесінің 80 жылдығымен құттықтаймыз

Құрметті әріптестер! Ардақты да, аяулы білім саласының барша ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекеміз ұстаздар күнімен және кәсіптік - техникалық білім беру жүйесінің 80 жылдығымен құттықтаймын!

Ұстаздық – ойласаң, ой жетпейтін, сөйлесең – сөз жетпейтін ұлы мамандық. Ұстаздың күнделікті көзге көрінбейтін, елеусіз еңбегі ел болашағын қалыптастырады.

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» — деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Ұстаз. Сондықтан, білім көшін алға жылжытып келе жатқан ұстаз қауымына құрмет пен сый ешқашан төмендемейді.

Қазіргі білім жүйесінің жаңа мазмұны мен сипатын меңгеруде зейіндеріңіз ашылып, биік белесті бағындыра беріңіздер! Жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру жолында қажымас қайрат тілеймін!

Шәкірттеріңізді заман ағымына сай тұлға етіп тәрбиелеу кезінде сәттілік серіктеріңіз болсын! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Істеріңіз оңынан болсын! Әрқашан абыройлы болып, мәртебелеріңіз арта берсін!

Құрметпен:

Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ

технологиялық колледжі директоры М.О.Ибраев

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.