31 Нау 2021
Жаңалықтар

Мамандықтар бойынша өткізілген «Мастер кластар»

 Жалпы техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты:    техникалық- кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, педагог мамандығының   беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, заман талабына сай мамандар даярлау болып табылады.

Біздің оқу орнын бітірген түлектерді жұмыспен қамтамасыз етіп отырған бірден бір мекемелер:

1. «Теңізшевройл» ЖШС;

2. «ESS Суппорт Сервисез» ЖШС;

3. «ЖылыойМұнайГаз»МГӨБ.

4. АО «КазТрансОйл» Құлсары мұнай құбыры

5. «Құлсарыгаз»ЖШС

Аталған мекемелер колледжбен тығыз байланыс  жасап, көптеген «Мастер кластар», мекемеге экскурсия  ұйымдастырып келеді.

«ТШО» компаниясынан бір топ өкілдер келіп студенттердің мамандығына деген кәсіби біліктілігін көтеруіне, практикалық жағынан үйретіп, көзбен көру, өндірістік практика студенттердің оқу процесінде алған білімдерін бекіту мен тереңдетуге, оқытылатын мамандық бойынша практикалық іс-әрекетке қажетті дағдыларды қалыптастыруға, нақты кәсіпорынның жұмысын терең зерттеу негізінде білімді кеңейту, жүйелеу және бекіту мақсатында 1013000 «Механикалық өндеу, өлшеу-бақылау құралдары және өнеркәсіпте автоматика»,0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандықтары бойынша мастер класстар өткізді.

«ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС мамандары төмендегідей мамандықтар бойынша мастер класс өткізді.

1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

0901000 «Электр станциялары мен желілерінің  электр жабдықтары».

Мамандықтар бойынша өткізілген «Мастер кластар»

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.