31 Нау 2021
Жаңалықтар

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңашылдығы

Жаһандану мен индустрия­ландыру жағдайында кадр даяр­лауды жақсарту мемлекет саясатындағы өзекті мін­деттердің бірі. Дамыған елдерде өндіріс үшін кадрлардың негізгі провайдері –техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі. Еңбек нарығындағы ма­манның жұмыс берушінің талабына сай білім алуы, білікті болуы, технологиялық үдерістерді дереу меңгеруі, кәсіби машығы өте өзекті. колледжде білім беру мазмұнына жаңа сипат беру, құрылымын жандандыру бойынша жұмыс жүргізілуде, 13 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленіп, және барлық мамандық негізінде типтік білім беру бағдарламасы өзектендірілді.Сондай-ақ колледжі кітапханасында заманауи оқулықтармен қамту көзделген. Оқулықтар мазмұны мамандықтар бойынша заманауи және өзекті мәліметтерді қамтиды. 

Стратегиялық бағыттың бірі – оқыту сапасын арттыру. Кәсіби машығы мен құзіреттілігін көтеруге арналған педагогикалық кадрлардың сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл ТжКБ жүйесіндегі жаңа формациядағы педагогтардың санын арттыруға септігін тигізеді. Біздің педагогтарды оқытуда өзіндік ерекшелік бар. Яғни оқыту бағдарламасы құрылымына құзіреттілік көзқарас пен маз­мұнының модульдік құры­лысы, сапаны бағалаудың кри­териалдық жүйесі, оқытуда қазақ­стандық және шетелдік озық тәжірибенің ұштастырылуы, интерактивті, практикалық бағдарланған сипаттың және курстық оқытудан кейін де кеңес беру жұмыстарының әрі қарай жалғасуы кіреді.Осындай өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырған мамандар студенттерімізге заман талабына сай білім беруде.

Колледжде даярланған мамандықтар бойынша студенттердің білім сапасы төмендегідей:

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.