31 Нау 2021
Жаңалықтар

Дуалдық оқыту жүйесі-заман талабы

Оқу орнында теориялық оқытуды және өндірістегі өндірістік оқытуды біріктіретін ең танымал оқыту түрі – теория мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоятын екі жақты кәсіби білім беру жүйесі.Техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңғырту мақсатында Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев елімізде дуалдық оқыту жүйесін енгізуді тапсырды. Еліміздегі компаниялар мен кәсіпорындарға шұғыл түрде дуалдық оқыту жүйесіне араласуға тапсырма берді.Осы талапты орындауда техникалық және кәсіптік білім  беретін оқу орындарына үлкен міндеттер жүктелген. Колледжде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дуалды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту» туралы 2016 жылғы 21 қаңтарындағы №50 бұйрығына сәйкес, 2016 жылдан бастап дуалдық оқыту жүйесінде жұмыстар жүргізілді.Дуалдық оқыту жүйесіне негізделген әлеуметтік серіктестермен Кәсіпорын – Колледж – Студент үш жақты келісім – шарт жасалды. Келісім шарт техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының негізінде құрылды. Ондағы басты негіздер – оқу процесінің ғылыми және әдістемелік жұмыстарын бірігіп орындауы, оқу процесіне өндіріс мамандарын араластыруы, кәсіпорындарда өндірістік оқыту орындарының ұйымдастырылуы қарастырылды.

2016-2017 оқу жылынан бастап,  0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» біліктілігі: 0901012 «Электромонтер» (2 жыл 10ай);  1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану» біліктілігі:1201072 «Автокөлікті жөндеу слесарі 2жыл 10ай); және  0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  біліктілігі: 0508012 «Аспаз»  (2 жыл 10 ай)  мамандықтары дуалдық оқыту жүйесі бойынша 65студент білім алып бітірді. 2019- 2020 оқу жылында  дуалдық оқыту жүйесі бойынша  0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру», 0808000 «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»(түрлері бойынша) мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер осы жүйемен білім алуда.  

Дуалды оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктестер

ЖШС «ESS Суппорт Сервисез», ЖШС «Қалаулиев Ж.Ш», ЖШС «Досмырза», ЖШС «КазПетроТранс»,  ЖШС «МеталлПродукт», ЖШС «Промэкология», ЖШС «Казкомсервис»

ЖШС«Теңізавтокөлік», ЖШС «МұнайТрансСервис»,ЖК«Жанақбаев Ж.Б» «Аңсар» отбасылық мейрамхана, ЖК «Темиргалиев Н.И» «Рауан» асханасы, ЖК«Изекен», «Айым» асханасы, ЖК«Ди-Нұр», «Бисекен» асханасы, КМК «Жылыой Су»

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.