31 Нау 2021
Жаңалықтар

Әлеуметтік серіктестіктермен бірлескен жобалар

Колледждің арнайы пән оқытушылары «Теңізшевройл»ЖШС-мен бірлесе отырып, «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика» және «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандықтары бойынша  «Модульдік бағдарламалар» даярлады. Қазіргі таңда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарына модульдік технологияны пайдаланады.

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ мен С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі жаңа мерзімсіз келісім шартты жасақтап, «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», мамандығы  бойынша оқу полигонын ашу жоспарлануда.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетімен колледжі мемарандумға отырып, бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлауда.Біздің студенттеріміз сол университеттен әрі қарай жоғары оқу орына түсіп, жоғары білім алуға мүмкіндік туады.

25 сәуір 2019жылы С. Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі және «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Ыдырысов Орал Арминовичпен өндіріс орындарында жазғы каникул кезінде тәжірибеден өту туралы 5 жылға келісім шартқа отырды.  

Шетелдік және отандық әлеуметтік серіктес кәсіпорындармен колледж бітіруші түлектерді кәсіптік дайындық деңгейін бағалау сынағына дайындау, бітірушілерді жұмысқа орналасуына жағдай жасау мақсатында аудан көлеміндегі кәсіпорындармен, жеке кәсіпкерлермен  тығыз байланыс жасап отырады.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.