14 Желт 2023
Жаңалықтар

«Туған тілім- тірлігімнің айғағы»

С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі кітапханашысы мен №1 қалалық кітапханасы бірлесе тіл күніне орай «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты ақпараттық сағат өткізді.
Мақсаты: Жастарды мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу.
С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің 70 топ «Электр жабдықтары» мамандығының 3 курс студенттері Тіл күніне орай, тіл туралы Сәрсенбаев М., Жалғасов А. мақал- мәтелдер жалғасын тауып, студенттер белсене қатысып өз ойларын ортаға салды.
Тіл - ұлттың жан дүниесі. Расында, қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы - ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.
Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.
Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.