14 Желт 2023
Жаңалықтар

«ESS / Compass Kazakhstan»

2023 жылдың 8 қыркүйек күні «ESS / Compass Kazakhstan» мекемесінің бірнеше өкілдері Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжіне келді. Атап өтсек: Келвин Фаррингтон, қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй қызметін көрсетудегі менеджер. Ким Аркадий, аға аспазшы. Антаева Дияра, диетолог. Рахымжан Ғани, оқыту бөлімінің аға үйлестірушісі. Әбдіжәми Динара, оқыту бөлімінің аға үйлестірушісі атты мамандар. Кездесуіміздің басты мақсаты «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының І-ші және ІІІ-ші курс студенттерімен кездесу және компания саясатымен танысу болатын. Жоспарға сәйкес қонақтарды күтіп, колледждегі «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының оқу лабораториясы мен оқу кабинеттерін аралады. Содан соң акт залына жиналып презентация өткізді. «ESS / Compass Kazakhstan» мекемесінің бас маманы мен, келген бас аспаздар білім алушыларға өздерінің осы мамандыққа деген қызығушылықтарының, еңбек жолдарының қалай өткенін, қанша мүмкіндік бар екенін айтып ашық әңгіме өткізді. Кездесу соңында ІІІ курс түлектерін болашақта маман ретінде өз компанияларында көргісі келетінін жеткізді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.