14 Желт 2023
Жаңалықтар

Колледжде 27-қыркүйек күні І- ІІ - ІІІ жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Колледжде 27-қыркүйек күні І- ІІ - ІІІ жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. 1курс студенттерінің бейімделуі
2. Колледждің ішкі тәртіп ережесі
3. 3курс студенттерінің өндірістік практикасы.
Жиналысты колледж психологы Б.Борамбайқызы ата-аналарға. Психологиялық қолдау көрсету мақсатында тренинг жұмысымен бастап . Тренинг барысында көрсетілген жаттығу жұмыстары арқылы ата-аналарға қолдау көрсетті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Шамшақызы оқу процесі бойынша жалпы түсінік беріп , ата-аналардың жекелеген сұрақтарына жауап берді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. Орынбасарқызы колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып , студенттерге әлеуметтік көмек көрсету туралы қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы М. Шықыбаева 3курс студенттерінің өндірістік практикадан өтуі туралы баяндама оқып сұрақтарға жауап берді.
Жиналыста ата-аналар жеке сұрақтарын қойып нақты жауаптарын алды.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.