28 Мамыр 2024
Жаңалықтар

Педагогтерді аттестаттау.

Колледжімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енген аттестаттау ережелеріндегі өзгерістермен таныстыру мақсатында педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы колледж ұжымына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарбалиева Маруся Шамшиевна мен колледж әдіскері міндетін атқарушы Имашева Анар Карашбаевна жүргізді. Педагогтерді аттестаттау қағидаларының негізгі мәселелеріне тоқталып, толық ақпарат берілді: -Өтпелі кезеңдегі аттестаттау шарттары мен тәртібі; - Аттестаттау комиссиясы жылына бір рет шешім шығарады ( 2-т, 9-т) - Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарды қалыптастыруға жәрдемдеседі (4-т, 79-т.) - Педагогтер жетістіктерінің тізбесіне шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстар енгізілген -Мұғалімді бағалау өлшемшарттары; -Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы; -Аттесталатын педагог іс-әрекетінің нақты қадамдары; - Екінші, бірінші, жоғары санаттағы 40 000 астам педагог аттестаттаудың қолданыстағы форматына ауысады - ПББ тесті қанағаттанарлықсыз болған жағдайда: растау кезінде – санат бір деңгейге төмендейді, жоғарылату кезінде – санат ПББ нәтижесінен жоғары болмайды - ПББ тестін басшылардың орынбасарлары да, әдіскерлер де тапсырады. -Педагогтің сабағын (оқу сабағын, іс-шараны) бағалау критерийлері,т.б “Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары” жобасы порталда «Ашық НҚА» орналастырылған. Жиынға қырықтан астам педагог қатысып, қойылған сұрақтардың бәріне қанағаттанарлық жауап алды. #аттестацияпедагогов2024 Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.