28 Мамыр 2024
Жаңалықтар

Педагогтерді аттестаттау.

Педагогтерді аттестаттау. 11.03.2024 ж. Колледжімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енген аттестаттау ережелеріндегі өзгерістермен таныстыру мақсатында педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы колледж ұжымына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарбалиева Маруся Шамшиевна мен колледж әдіскері міндетін атқарушы Имашева Анар Карашбаевна жүргізді. Педагогтерді аттестаттау қағидаларының негізгі мәселелеріне тоқталып, толық ақпарат берілді: -Өтпелі кезеңдегі аттестаттау шарттары мен тәртібі; - Аттестаттау комиссиясы жылына бір рет шешім шығарады ( 2-т, 9-т) - Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарды қалыптастыруға жәрдемдеседі (4-т, 79-т.) - Педагогтер жетістіктерінің тізбесіне шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстар енгізілген -Мұғалімді бағалау өлшемшарттары; -Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы; -Аттесталатын педагог іс-әрекетінің нақты қадамдары; - Екінші, бірінші, жоғары санаттағы 40 000 астам педагог аттестаттаудың қолданыстағы форматына ауысады - ПББ тесті қанағаттанарлықсыз болған жағдайда: растау кезінде – санат бір деңгейге төмендейді, жоғарылату кезінде – санат ПББ нәтижесінен жоғары болмайды - ПББ тестін басшылардың орынбасарлары да, әдіскерлер де тапсырады. -Педагогтің сабағын (оқу сабағын, іс-шараны) бағалау критерийлері,т.б “Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары” жобасы порталда «Ашық НҚА» орналастырылған. Жиынға қырықтан астам педагог қатысып, қойылған сұрақтардың бәріне қанағаттанарлық жауап алды.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.