28 Мамыр 2024
Жаңалықтар

1- Наурыз алғыс айту күніне колледж психологы Б.Атчибаева 1 курс 83 топқа «Өмірге риза болып, алғыс айт» тақырыпта тренинг өткізді.

1- Наурыз алғыс айту күніне колледж психологы Б.Атчибаева 1 курс 83 топқа «Өмірге риза болып, алғыс айт» тақырыпта тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: Студенттермен еркін қарым-қатынас жасай отырып, «алғыс айту», «ризашылық білдіру» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру. Басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру. Кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Тренинг Ата-анаға, елге, бауырға, ауылға «Алғыс» әнімен басталды. Әрі қарай студенттер шеңбер құрып, бір-бірлеріне күлімдеп ишаратпен амандасып, жылы сөздерін айтты. Тренинг «ойланайық, пікірлесейік» және «Миға шабуыл» ойынымен жалғасты.
Тренинг мақсатына жетті, студенттер жақсы сөз айту, жақсылық жасау- әрбір адамның міндеті екенін, рахмет сөзін айту-адамдар арасында жақсы қатынас орнатады екенін түсінді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.