30 Қар -0001
Жаңалықтар

Педагогтерді аттестаттау

Педагогтерді аттестаттау.
11.03.2024 ж. Колледжімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енген аттестаттау ережелеріндегі өзгерістермен таныстыру мақсатында педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы колледж ұжымына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарбалиева Маруся Шамшиевна мен колледж әдіскері міндетін атқарушы Имашева Анар Карашбаевна жүргізді. Педагогтерді аттестаттау қағидаларының негізгі мәселелеріне тоқталып, толық ақпарат берілді:
-Өтпелі кезеңдегі аттестаттау шарттары мен тәртібі;
- Аттестаттау комиссиясы жылына бір рет шешім шығарады ( 2-т, 9-т)
- Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарды қалыптастыруға жәрдемдеседі (4-т, 79-т.)
- Педагогтер жетістіктерінің тізбесіне шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстар енгізілген
-Мұғалімді бағалау өлшемшарттары;
-Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы;
-Аттесталатын педагог іс-әрекетінің нақты қадамдары;
- Екінші, бірінші, жоғары санаттағы 40 000 астам педагог аттестаттаудың қолданыстағы форматына ауысады
- ПББ тесті қанағаттанарлықсыз болған жағдайда: растау кезінде – санат бір деңгейге төмендейді, жоғарылату кезінде – санат ПББ нәтижесінен жоғары болмайды
- ПББ тестін басшылардың орынбасарлары да, әдіскерлер де тапсырады.
-Педагогтің сабағын (оқу сабағын, іс-шараны) бағалау критерийлері,т.б
“Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары” жобасы порталда «Ашық НҚА» орналастырылған.
Жиынға қырықтан астам педагог қатысып, қойылған сұрақтардың бәріне қанағаттанарлық жауап алды. #аттестацияпедагогов2024
Атырау Облыстық Әдістемелік
Орталығы
@orleuatyrau

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.