30 Қар -0001
Жаңалықтар

2024 жылдың 7 маусым күні колледж АКТ залында жұмыс берушілермен ИНДУСТРИЯЛЫҚ КЕҢЕС өткізілді

2024 жылдың 7 маусым күні колледж АКТ залында жұмыс берушілермен ИНДУСТРИЯЛЫҚ КЕҢЕС өткізілді. Бұл іс – шараға Жылыой ауданы Мансап орталығы, «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС, «Казтрансойл» АҚ Құлсары мұнай құбырлары басқармасы, «Жылыойгаз» ЖШС, «Жылыой тазалық» ЖШС, ТОО «Hydroserv Central Asia», «CIS Kashagan» LLP, «Кең Жылыой» газетінің өкілдері қатысып, өнеркәсіпті дамытуға және қазіргі еңбек нарығына кадрлар даярлауға байланысты өзекті мәселелерді талқылау болды. Жұмыс берушілердің өкілдері өз ұйымдарында тағылымдамалар мен практикаларды өткізу туралы ұсыныстарын айтты және «Жылыой тазалық» ЖШС және «Hydroserv Central Asia» ЖШС мекемелері колледжпен қарым – қатынасты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды. Индустриялық кеңес барысында колледж басшысы Ибраев Марат Уразович индустриялық кеңестің маңыздылығы мен мақсатына тоқталып, мекеме өкілдеріне алғыс айтты және директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Сарбалиева М.Ш. «Білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы және қолдану тиімділігі» және директордың оқу өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Жубатыров Ж.У. «2022 – 2023 оқу жылы және 2023- 2024 оқу жылының өндірістік тәжірибедегі есебі» тақырыбында баяндама жасады.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.