30 Қар -0001
Жаңалықтар

«ТҮЛЕКТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2024» іс – шарасы өткізілді

Бүгін 14 маусым күні колледжімізде кәсіптік білім беру саласы бойынша кадрлар даярлауда жергілікті жұмыс беруші мекемелермен бірлесе отырып, еліміздің экономикасына өз үлестерін қосатын, жергілікті жас мамандар ретінде Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің 2024 жылғы бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында «ТҮЛЕКТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2024» іс – шарасы өткізілді. Аталған шараға «KGS» ЖШС, «Жылыой тазалық» ЖШС, «Жылыойгаз» ЖШС, «Мұнайсервис ЛТД», «Батыс тех инвест» ЖШС, «ESS супорт сервисез» ЖШС, «ЯРМАРКА САУДА ҮЙІ» ЖШС мекеме өкілдері қатысып студенттеріміздің түйіндемелерін қабылдады сонымен қатар Жылыой ауданы Мансап орталығы басшысының орынбасары Искакова Алтынгүл сөз алып быйылғы колледж бітіруші түлектерге арналған мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Быйыл 7 мамандық бойынша 157 студент өз маманының иесі атанғалы отыр. Түлектер жәрмеңкесіне қатысқан мекеме өкілдері аталған мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарына колледж түлектерін жұмысқа қабылдауға келісім берді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.