Білім саласы қызметкерлерін төл мерекелері - Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!
Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мереке. Себебі, Қазақстанның болашағы Cіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын замануи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарлатуға ықпал ететіні сөзсіз.
Құрметі ұстаздар! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!
Игі тілекпен: Колледжі әкімшілігі.
https://zhtk.edu.kz/zhana-lyk-tar2/8029-mugalimder-kunimen-kuttyktaimz.html#sigFreeIdeeaa3c8b42