1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай колледжімізде "Ерке Есілдің бойына ел қондырған" атты сыр-сұхбат шарасы өтті. Бұл шара №2 қалалық кітапханамен бірігіп және Жылыой ауданы әкімі жанындағы қоғамдық келісім қоры, "Жылыой жарнамасы" газетінің бас редакторы Нұрдәулет Ақназаров, аналар кеңесінің төрайымы Мұстахима Исаинова, мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Үміт Кенжина, бас маман Айнагүл Садықова, білім бөлімі Шынар Темірбаева қатысты. Кеш Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүрек тілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсатында өтті. Аудан өнерпазы, көптеген байқаулардың жеңімпазы Гүлмира Каналиева Ақбұлақ", Майлықожаның термесін және "Елім менің" әндерін шырқады. Колледж студенттері Толымбекұлы Қуаныш Т. Медетбектің «Ұлысенім», Сенғалиева Аружан
Ш. Сариевтің «Туған елдің толғауы», Базарбаев Сүндетәлі Т.Молдағалиев «Ел өзің есенеді» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
https://zhtk.edu.kz/zhana-lyk-tar2/8040-tungysh-prezident-kunine-orai-otkizilgen.html#sigFreeId06189ce26d