Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Қосымбаева Торғын Орынбасарқызын қала әкімі Ш.Кейкин мемлекеттік жастар саясатын дамытуда өнегелі еңбегімен, тындырымды іскерлігімен, жігерлігімен, күш-қайратымен, білімін елдің игілігі үшін жұмсай жүріп, жастарды ортақ мақсатқа жұмылдырғаны үшін, уақытпен санаспай жастардың басын біріктіруге атсалысып жүрген еңбегіне шынайы ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта да жастар саясатын жүзеге асыруда халыққа лайықты қызметімен жастардың белсенділігін арттыруға үлес қосатынына сенім білдере отырып алғыс хатпен марапаттады. Ұйымдастырылып отырған «Үздік Жас Дарын-2017» атты мерекелік кеште «Үздік жас меңгеруші-2017» номинациясымен құттықтап деніне саулық, отбасына амандық, алдағы барлық істеріне сәттілік пен табыс тіледі.
https://zhtk.edu.kz/zhana-lyk-tar2/8047-uzdik-jas-megerushi.html#sigFreeId2f20ccd241