Бүгін колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлерінің арасында "Үздік өндірістік оқыту шебері-2018" байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: Өндірістік оқыту шеберінің кәсіби деңгейін көтеру және біліктілігін анықтау; Өз мамандығының майталманы, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық коммуникациялық технологияларды игерген, жеке тұлғасы жан-жақты дамыған өндірістік оқыту шеберін анықтау; Өндірістік оқытудың және тәрбиелеудің тиімді педагогикалық технологиялары мен әдістемелерін анықтау. Байқау:"Визиттік карточкасы","Мастер-класс" және "Әдістемелік қоржын" атты үш кезеңнен тұрып,"Үздік шебер-2018" байқауының бас жүлдесін "Мұнай және газ кен орындарын пайдалану" мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Науарова Гаухар Сембиевна иеленді.
https://zhtk.edu.kz/zhana-lyk-tar2/8052-uzdik-ondiristik-okytu-sheberi.html#sigFreeId5477822512