Сабақ барысы бес кезеңнен тұрды және оған "Бұрғышылар" және "Жер асты жөндеу операторы" деген атпен екі команда қатысты. Сайыс сабақ студенттердің логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту, өз ойы жеткізе білу және алған білімдерін көпшілікке паш ету, өз мамандығын мақтан тұту қабілетін арттыру мақсатында өтілді. Әрбір кезеңде өз пәндерінен әр түрлі сұрақтар қойылып, әр команда өз деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеді. Сайыс сабақтың әрбір топтың жинаған ұпайларының қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 21 топ "Бұрғышылар" командасы алса, ІІ орынды 26 топ "Жер асты жөндеу операторы" командасы қанжысына байлады. Студенттер белсенділік танытып, сабақ қызықты да, әсерлі өтіп мақсатына жетті.
https://zhtk.edu.kz/zhana-lyk-tar2/8064-bolashak-munaishylar.html#sigFreeIda3e9d04f9a