«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген дәстүрлі «ТАРИХИ ТҰҢҒИЫНДА» атты тарихшылардың облыстық пәндік олимпиадасында үздік білімімен ерекшеленген Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі марапатталып және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті ректоры А Талтенов Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Исахаева Гулнар Мыңбайқызын Алаштың 100 жылдығы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Өлке тарихын оқытудың өзекті мәселелері» атты семинарға қатысқаны үшін сертификат табыс етті. Г.М. Исахаева оқытушымызға мықты денсаулық,қажырлы қайрат,толағай табыстар тілей отырып,еңбек еткен ұстаздық жылдарыңыздың жемісін, қызықшылығын көре беруіңізге әрдайым да шын жүректен тілектестік білдіреміз!!!
https://zhtk.edu.kz/zhana-lyk-tar2/8069-tarihi-tungiynda.html#sigFreeIdff9525cdb6