Жиналған отырыста №3 ші мобильдік топ жетекшісі Е.Г Мұхтаров жастарға құқық бұзылған жағдайда заң алдында жауап беретінін ол жерде ата ананың да, куратордың да, тіпті колледж директорының сіздерге қолдауы көмектеспейді деп баса айтты. Алдағы уақытта жасаған қылмыстарыңызға жеңілдік болмайтынын естеріңізден шығармасаңыздар сіздермен қарайлас жастар арасында кикілжің, түсініспеушілік болмас еді деп айта кетсе, колледж директоры жастарға студенттерге бұл колледжде барлық жағдай жасалған, қатынайтын автобуспенде қамтамасыз етілген. Әр апта сайын осы балалардың тәртібі жөнінде тәрбиелік шаралар ұйымдастырылып сап түзулер өтіп жатыр. Кураторлар студенттердің сабаққа келген уақытынан тарағанға дейінгі өміріне жауапкершілікпен қарап олқылықтар кездессе ата аналармен хабарласып тығыз байланыста отырады деп колледждің ішкі тәртібі жөнінде де айта кетті.
https://zhtk.edu.kz/zhana-lyk-tar2/8096-%E2%84%963-%D0%BC%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%B4%D1%96-%D1%82%D0%BE%D0%BF%D1%82%D1%8B%D2%A3-%D0%BA%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%96-%D0%BE%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%8B%D1%81%D1%8B-%D3%A9%D1%82%D1%82%D1%96.html#sigFreeId28839ce934