11 Желт 2024
Жаңалықтар

Республикалық кәсіби шеберлік байқауы Қостанайда

2024 жылдың 2-8 қараша аралығында Қостанай қаласында орналасқан Қостанай көлік колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: көлік саласы бойынша педагогтарды анықтау, педагогикалық шеберлікті жетілдіру, ТжКБ ұйымдарының талантты, дарынды, шығармашылық педагогтарын қолдау болып табылады. Кәсіби шеберлік байқауына республикамыздың 15 облысынан 15 педагог шеберлер қатысып, бұл байқауға әр өңірден 15 сарапшы қазылық етті.
Атырау облысынан Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында орналасқан Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінен арнайы пән оқытушысы Сагинбаев Сатыбалды Сагинбаевич қатысып, осы байқауға сарапшы ретінде Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері Жұбатыров Жанабай Үтегенович қатысып келді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.