31 Қаң 2025
Жаңалықтар

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ, Атмосфералық ауаны қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу Орталығы ЖШС-і Өндірістік қауіпсіздік шаралары мен олардың тиімділігін арттыру тақырыбында 3 курс студенттеріне арналған мастер-класс ұйымдастырды!

Мастер-класста өндірістік қауіпсіздік бойынша ең жаңа әдістер мен тәжірибелер таныстырылып, студенттерге өз білімдерін іс жүзінде қолданудың жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, атмосфералық ауаны қорғау саласындағы маңызды мәселелер мен олардың шешімдері туралы маңызды ақпарат берілді.

Бұл іс-шара студенттерге кәсіптік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өндірістік қауіпсіздікті арттырудың тиімді әдістері мен жаңа технологиялар туралы білім алуға мүмкіндік берді.

Студенттер бұл іс-шара арқылы қауіпсіздік мәдениетін дамытып, өздерінің болашақ мамандықтарына деген жауапкершіліктерін арттыра алды!

#АуаныҚорғау #ӨндірістікҚауіпсіздік #МастерКласс #СтуденттергеҚолдау #Экология #ЖасМамандар

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.