05 Ақп 2025
Жаңалықтар

Мұнай - газ кен орындарын пайдалану мамандығы бойынша өндірістік практика

Мұнай - газ кен орындарын пайдалану мамандығының ІІІ курс, 76 - топ студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде. 18 жасқа толған студенттер 14 күндік вахталық негізде Жылыой мұнай - газ өндіру басқармасында өздерінің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдауда.

Бұл практика барысында студенттер өндірістің негізгі процестерімен танысып, алған білімдерін іс жүзінде қолдану мүмкіндігіне ие болды. Тәжірибе олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, өндірістік ортаға бейімделуге және болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосуда.

Осы оқу - өндірістік процесті ұйымдастырып, студенттердің тәжірибеден өтуіне қолдау көрсеткен Жылыой мұнай - газ өндіру басқармасының басшылығына шынайы алғысымызды білдіреміз. Ынтымақтастық негізінде жүзеге асқан бұл мүмкіндік болашақ мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады деп сенеміз.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.