Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мектеп оқушыларына арналған “Мен таңдаған мамандық” атты кәсіби бағдар беру шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс - шараның негізгі мақсаты - оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру, олардың қыр-сырын ашып көрсету және болашақ мамандық таңдауына бағыт - бағдар беру.
Кездесу барысында колледж директорының оқу - өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Римма Қайраққалиқызы оқушыларға өндіріс, құрылыс, энергетика, мұнай - газ, көлік және басқа да салалардағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, әрбір мамандықтың артықшылықтары, еңбек нарығындағы мүмкіндіктері және кәсіби даму жолдары жан - жақты талқыланды.
Шара барысында оқушылар жұмысшы мамандықтардың ел экономикасына қосатын үлесі, олардың тұрақтылығы мен болашақтағы даму перспективалары туралы құнды мәліметтер алды. Осындай кәсіби бағдар беру жұмыстары жастарға өз қабілеттерін дұрыс бағалап, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таңдауына көмектеседі.