Астана қаласында 11.02-15.02.2025 аралығында өткен “Жұмысшы мамандықтар қаласы” фестиваліне біздің колледжден инженер-педагогтар мен студенттер белсенді түрде қатысуда. Фестиваль аясында олар өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасып, түрлі байқаулар мен шеберлік сабақтарына қатысты. Сондай-ақ, болашақ мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық технологиялар таныстырылып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар талқыланды. Бұл іс-шара студенттер мен оқытушыларға өз біліктіліктерін арттыруға және тәжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндік берді. #жылыойколледж #атыраубілім #жұмысшыжылы #жұмысшымамандықтаржылы #астана #expo #mamanfest2025
15 Ақп 2025
Жаңалықтар