03 Сәу 2025
Жаңалықтар

«Өндіріс саласына кадр даярлау: бүгінгі талаптар мен келешек бағыттар» атты облыстық семинар-конференция өтті!

Шараға:
- Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының Өнеркәсіп және жергілікті қамтуды дамыту бөлімінің басшысы - Шаргабаева Акбобек Сагинбаевна;
- Жылыой аудандық мансап орталығы директор орынбасары Шагатаева Нұргүл Мырзағұлқызы;
- Колледждің әлеуметтік серіктестері: «ТШО» ЖШС, «EUSS» ЖШС, «Казтрансойл» АҚ, Құлсары мұнай құбырлары басқармасы, «Далара» ЖШС, «KazGlobalSolution» ЖШС, «Атырау Жарық» АҚ ЖРЭС, «Казкомсервис» ЖШС, «Жылыойсу» МКК және басқа да кәсіпорындар;
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары;
- Мұнай-газ саласының және құбырларды монтаждау мамандықтарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Семинар-конференцияның негізгі бөлімдері:
- Пленарлық және секциялық отырыстар өткізілді.
- Пленарлық отырыста маңызды баяндамалар тыңдалып, өндіріс саласындағы кадр даярлау мәселелері жан-жақты талқыланды.
- БатысТехИнвест ЖШС, Жылыойгаз ЖШС және Нүркен көлік жөндеу орталығы мекемелерімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
- Секциялық бөлімде қатысушылар өндіріс саласының даму бағыттарына қатысты ұсыныстар білдірді.
- Мазмұнды баяндамалар жасап, құнды ұсыныстар білдірген қатысушылар облыстық білім басқармасы мен әдістемелік орталықтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Білікті маман – сапалы өндіріс кепілі!

 

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.