Мақсаты: Колледж студенттерінің жалпы білім беретін пәндер бойынша білімдерін анықтау, дамыту; оқытушылардың кәсіби өсуін ынталандыру.
Атырау облысы білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» ұйымдастырды. Қазылар алқасының мүшелері мен олимпиада қатысушларының тізімі алдын ала бекітілді. Барлық пәндер бойынша студенттердің қатысуы қамтамасыз етіліп, 7 пәннен 32 студент бақ сынады.
Олимпиаданың әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында аудиторияларда бейнебақылау жүйесі орнатылып, YouTube платформасында тікелей трансляция жүргізілді. Тапсырмалар олимпиада басталардан бір сағат бұрын электрондық поштасына жіберілді.