29 Нау 2021
Колледж жетістіктері

Колледж жетістіктері

Колледж педагог–қызметкерлері  оқытудың жаңа технологияларын игеру үнемі  облыстық, республикалық,  шетелдік білім жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

25 сәуір 2019 жылы «Жастар жылы» аясында С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі және «КазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Ыдырысов Орал Арминовичпен өндіріс орындарында ақысы төленетін тәжірибеден өту туралы мемарандумға   отырды, аталмыш жоба 2023 жылға дейін, яғни алдағы 5 жылға жасақталып, тәжірибе кезінде колледжі студенттеріне 80 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады.

Өндіріс қажеттілігіне байланысты колледжде жаңадан мамандықтарға лицензия алынды

2019-2020 жаңа оқу жылында «ЮСС супорт сервисез» ЖШС, «Слесарь ісі және автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кабинеттеріне 50 дана 12 млн, 380 мың тг құрайтын құрал – жабдықтарын тегін берді.

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ мекемесі колледжіге мұнай оқу полигонын салуға және мұнай жабдықтарымен жасақтауға жұмыстар жүргізуде.

Атырау облысы, Білім беру басқармасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы №646 бұйрығымен бекітілген «100 /200» қағидасы бойынша «Жас маман»  жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне сәйкес  7 мамандық бойынша құрал – жабдықтарға тапсырыс берілді.

Колледжі жанынан ашылған автомектеп барлық категориямен  

( «В», «ВС1», «С1», «С», «Д1», «Д», «ВЕ», «СЕ») оқытады. Мамандық пен автомектеп ашылуына байланысты курстанттарға көлікті жүргізуді үйрету жаттығуы үшін механикалық берілісті KIA RIO және автоматты берілісті KIA RIO маркалы екі жеңіл автокөлік алынды. Автокөліктер үйретушінің талаптарына сай жабдықталған.

2017 жылы қызметкерлерді тасымалдау  және студенттерді мәдени көпшілік шараларға, мұражай мен тарихи орындарға апару үшін «ПАЗ» жаңа автобусы алынды.

Колледжде краншы мамандығын дайындауға байланысты 2017-2018 оқу жылында колледжге «Казкомсервис» ЖШС- нің демеушілігімен «Урал -4320» маркалы 16 тонналық автокран техникасы тегін берілді және «автокран - тренажері» алынды.

Кәсіпкерліктің білім деңгейін арттыру және бизнесті жүргізудің заманауи үлгілерін еңгізу қажеттілігін ескере отырып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жылыой ауданының «Жұмыспен қамту орталығымен»  бірге қысқа мерзімде жұмысшы мамандар дайындауға курстар ұйымдастырылып отырады.

 
 

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.