30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Кәсіптік білімдегі дуалдық оқыту жүйесі-заман талабы»

Семинардың мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлерінің дуалды оқыту жүйесі туралы жоғары кәсіптік құзыреттілік деңгейін арттыру, тәжірибе алмасу, дуалды оқыту жүйесін енгізуде туындаған мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, жұмыс берушілер қауымдастығымен арадағы серіктестікті нығайту.

Колледжімізде қазіргі таңда дуалды оқыту жүйесі бойынша:"Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану" біліктілігі:"Автокөлікті жөндеу слесарі","Тамақтандыруды ұйымдастыру" біліктілігі:"Аспаз" және "Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары" біліктілігі:"Электромонтер" мамандықтары білім алуда.

Дуалды оқыту жүйесінің мақсаты:техникалық - кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Семинар теориялық және практикалық бөлімдерден құралып, семинарға:Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары-Кенжеғалиев Қ.Р;Атырау облысы білім беру басқармасы техникалық және кәсіптік техникалық білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің басшысы-Кабдирова.Н.Х;Атырау облысы білім беру басқармасы әдістемелік кабинеті техникалық және кәсіптік білім бөлімі басшысы-Қапсиық.Ж.М;Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары-Қожантаев Қ.;"Атырау-Сауда"ЖШС директордың орынбасары-Қыстауғалиева Ю.К.;"Теңізшевройл"ЖШС оқыту тобының жетекшісі-Бердіғалиев М.М. мен біліктілікті дамыту тобының жетекшісі-Ілиясов М.; "МұнайТрансСервис" ЖШС директоры-Төлендиев Ж.А.; "Промэкология" ЖШС директоры орынбасары

Тажибаев С.Ж.;"МеталлПродукт" ЖШС директоры Культекенов К.К.;"Калаулиев Ж" ЖШС директоры ҚалаулиевЖ.Ш.; "Казкомсервис" ЖШС директоры Культекенов Б.К.; "Досмурза" ЖШС директоры Досмурзиев М.Т. т.б.қонақтар қатысып, баяндама оқылып, семинарды қортындылады.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.