30 Нау 2021
Жаңалықтар

"Студенттер күні"

Колледжімізде 17-қараша "Студенттер күні" мерекесіне орай, ІІ курс топ кураторлары Кенжеғалиева Римма мен Дощанова Жанна және жастар комитетінің ұйымдастыруымен "Қызықты көңіл,студенттік өмір!"атты концерттік бағдарлама өтті.
Концерттік бағдарлама мақсаты: Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып,бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.
Кеш барысында І курс студенттеріне студенттік билеттер табысталып, белсенді студенттер Алғыс хатпен марапатталды.Колледжі жастары өз өнерлерімен бөлісіп,"Жұлдызды ондық" жарысын ұйымдастырып,"Колледж жұлдызы" анықталды.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.