30 Нау 2021
Жаңалықтар

"Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады" тәрбие сағаты

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай, колледжіміздің ағылшын пәні оқытушысы Ундасинова Алтынгулдің "Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады" атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,елжандылыққа,ұлтын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей, тәуелсіздік философиясының маңызды негіздері - бұл жалпылама еңбек,даналық,қоғам бірлігі, тарих бірегейлігі, мәдениет және мемлекеттік тіл.Бұл күн Қазақстанның тарихи таңдауын көрсетеді-біздің аруақтардың армандаған тәуелсіз, азат және алып мемлекеттің болу күні. Сол себептен де,бұл күн әрбір азаматтың есінде қалуы тиіс.
Тәрбие сағаты барысында тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтардың ерліктерін еске алып, елге жазған хаттары оқылып,"Орнында бар оңалар"деп қортындылай келе,Қазақстан ел болып,120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау мекенімізде өмір сүретін әрбір адам Отанын жанындай сүйіп, көк байрағын көкке көтеруді мақтан етеді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.